Еліміз үшін аса маңызды мерекелердің бірі – Республика күні. Бұл күн – халқымыздың азаттыққа деген ұмтылысы мен елдігіміздің айқын көрінісі. Республика күні – мемлекетіміздің іргетасын қалаған тарихи шешім қабылданған, егеменді ел болуға бағытталған маңызды белес.Осы айтулы мерекеге орай «AMANAT» партиясы Талғар аудандық филиалы аудан мектептері мен колледждерінің директорларын және ұстаздарын Республика күнімен құттықтады.Білім мен тәрбие саласы – мемлекеттің болашағын айқындайтын ең маңызды бағыттардың бірі. Ұстаздар жас ұрпақтың бойына елжандылық пен отансүйгіштік қасиетті дарытып, олардың...
Республика күніне орай Алматы тұрғындарына күй шашу тарту еттіАлматы қаласы Наурызбай ауданындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 100 оқушысы 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» атты домбырашылар флешмобын ұйымдастырды.Алматы қаласының ірі ойын-сауық және сауда орталығында өткен шарада бір мезетте жүз домбырашының орындауындағы күмбірлеген күй әуені жиналған жұртшылықтың ерекше ықыласына бөленді. Домбыра үні мен халыққа кеңінен таныс күйлер тыңдаушыларға ұлттық рух пен мерекелік көңіл-күй сыйлады.Жас орындаушылар Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы», “Әлқис...
Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында 25 қазан — Республика күніне орай мемлекеттік қызметшілерді марапаттау салтанатты рәсімі өтті.Осы шара аясында ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметке адал еңбегін сіңірген Нұржан Құдайбергенов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды.«Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісі мемлекеттік қызметте кемінде 25 жыл мінсіз еңбек еткен немесе зейнет жасына жеткен мемлекеттік қызметшілерге табысталады.Нұржан Құдайбергеновтің кәсібилігі, жоғары жауапкершілігі және адал еңбегі Алматы...
Құрметті жерлестер! 25 қазан – Ұлттық мереке Республика күні құтты болсын!Бүгінде татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың бағындырған белестері, алған асулары жетерлік. Мемлекетіміздің дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты міндетіміз болып табылады.1990 жылдың 25 қазаны күні Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Құжатта Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси - құқықтық негіздері жарияланып, Қазақстанның жеке территори...